Құралдар |
Тәжин, Марат Мұханбетқазыұлы
Тәжин, Марат Мұхамбетқазыұлы — Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрі. [өңдеу] Қысқаша өмірбаяны1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор. 1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты. 1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы. 1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. 1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы. 1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды. 2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары. 2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. [өңдеу] Марапаттары«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.
|
|||||||||||||