ҚұралдарБасқа тілдерде |
Сәйденов, Әнуар Ғалимоллаұлы
Сәйденов, Әнуар Ғалимоллаұлы — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы. [өңдеу] Қысқаша өмірбаяны1960 ж. Мәскеу қаласында (Ресей) туған, қазақ, білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген. 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған, 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 ж. — Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген. М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды. 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2000 ж. тамызда «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы. 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы. 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады. |
|||||||||