Путин, Владимир Владимирович

Влади́мир Влади́мирович Пу́тин
Путин, Владимир Владимирович

әрекеттегі
лауазымына ие болуы 
8 May 2008
Президент Dmitry Medvedev
Ізашары Viktor Zubkov

әрекеттегі
лауазымына ие болуы 
7 May 2008
Ізашары Boris Gryzlov

лауазымына ие болғаны
7 May 2000 — 7 May 2008
Acting: 31 December 19997 May 2000
Премьер-министр Mikhail Kasyanov
Viktor Khristenko (Acting)
Mikhail Fradkov
Viktor Zubkov
Ізашары Борис Ельцин
Ізабасары Дмитрий Медведев

лауазымына ие болғаны
8 August 1999 — 7 May 2000
Президент Boris Yeltsin
Ізашары Sergei Stepashin
Ізабасары Mikhail Kasyanov

Дүниеге келгені 1952 қазанның 07 (56 жаста)
Leningrad, Russian SFSR, Soviet Union (now Saint Petersburg, Russia)
Саяси партиясы CPSU (prior 1991)
Non-partisan (since 1991)
United Russia
(Chairman non-member)[1]
Жұбайы Lyudmila Putina[2]
Балалары Mariya (1985), Katerina (1986)
Оқу орны Saint Petersburg State University
Діні Russian Orthodox
Қолтаңбасы Путин, Владимир Владимирович's signature

Путин, Владимир Владимирович — Ресей Федерациясының 2-ші президенті. Владимир Владимирович Путин 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге келген. 1975 жы­лы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін мемлекет қауіпсіздігі органдарына жұмысқа жіберілген. 1985-1990 жылдар аралығында сол кездегі ГДР-де болғаны да бар. ЛГУ ректорының көмекшісі, қалалық кеңес төрағасының кеңесшісі, Ленинград мэриясының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы сияқты қызметтер атқарған. Владимир Влади­мир­овичтің мықшегедей мықтылығы, шиыр­шық атқан шымырлығы 1999 жылдың та­мы­зында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы бо­лып тағайындалған тұстан бастап шындап танылды. Сол жылдың 31 желтоқсанынан Ресей Президентінің міндетін атқаруға кіріс­кен.

[өңдеу] Путин басқару нәтижесі

Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала, 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы пала­та­сын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құ­ра­латын, губернаторлардың әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық тармақтарда қатар тұруы расында да көкейге қонбайтын нәрсе еді, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтерді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден тайынған жоқ. Тіпті 2004 жылдың күзінде Бесланда болған лаңкестік шараны да өз мақсатына пайдалана білді: бірнеше күннен кейін-ақ Мемлекеттік Думаға губернатор сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын енгіздірді, губернаторлар есін жиып үлгергенше қанды қырғыннан кейін қаны қатып тұрған депутаттар заңды қабылдап та жіберді. Путин билікке келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның алған беттен қайтпайтынын анық көрсетті. Дубровкадағы Театр орталығында лаң­кестер көрермендерді кепілдікке алып, қойылған шартқа келіспей тұрған тұста, тіпті, әлеует­ті күштер театр залына улы газ жіберіп, лаң­кестермен бірге залда қалған санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005 жылғы 13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы 8 наурызда Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде Шәміл Басаевтың көзін жою енді Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты мас­қара жағдай, Хасавюрт келісімі сияқты шегініс бол­майтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды. Мем­лекеттік Дума тиісті заңға қаза тапқан лаңкестердің денесін жер қойнына тапсыру үшін туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді. Батыстағылардың адам құқы деп, жария­лылық деп, сөз бостандығы деп бажыл­да­ғанына қарамай, Путин әкімшілігі Кавказдағы соғыс тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде тыйым салды. Бұл орайда соғыс жағдайында БАҚ-тардың мүмкіндігі мемлекет тарапынан шектелетіндігі жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайд­а­ла­нылды. Осыдан сегіз жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі қалаларда үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды, Солтүстік Кавказдағы соғыс өрті өшірілді, Чешенстан федерацияның толыққанды субъектісіне айналды. Бұл – факт.

Елді әкімшілік-территориялық және саяси орталықтандыру мәселесінің шешілуі Президентке бүкіл билікті біржолата бергізді әрі оның жауапкершілік жүгін де күрт арттырды. Өйтпесе болмай бара жатыр еді. Бір өлкеде сатириктердің жазған мәтіндерін жаттап алып, сахнадан, телеэкраннан жатық орындаумен аты шыққан әртістің губернаторлыққа сайланып кеткенін біз де ұмыта қойған жоқпыз. Ресейден көргенінің бәрін үздік үлгідей ұсынатын біздегі біраз саясат­кер­лердің әкімдерді халық сайлауы керек деп біраз дау­рығып барып басылғаны да есімізде. Фе­дерациялық Ресейдің өзі бұл жолдан бас тартуы унитарлық Қазақстанның жағдайында ел тағ­ды­рына эксперимент жасауға тіпті де болмай­тынын анық ұғындырып берді. Бүгінде әкімдерді т­а­ғай­ын­дау халық сайлаған мәслихаттар депутаттарының келісімімен жүзеге асырылып жүр.

Путин елді басқарған алғашқы жылдардың өзінде билікті меншік­теуге тыйым салынды, билік оли­гарх­тар қолынан жұлып алынды, сөйтіп, халықтың мемлекетке сенімі қал­пына келтірілді. Соң­ғы мәселенің ұлт­тық қадір-қасиетке тікелей қатысы бар екенін жасырмай айтқанымыз жөн шы­ғар. Путин ақпараттық империялардың олигархтарға тәуелділігі жағдайында ешқандай да мемлекеттік идея көңілдегідей жүзеге асырыл­майтынын әуел бастан-ақ айқын ұғынған. Ол істі Ель­циннің тұсында қолға алмауының өзінен Пу­тин­нің ақылы мен айласы, арыны мен абай­ла­ғыш­тығы қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін көреміз. Ельцинді екінші рет таққа отырғызуға барын аямаған Борис Березовскиймен бетпе-бет келу Борис Николаевичке қарсы шығудай қабылданар еді. Чешенстандағы террорға қарсы операцияларды көр­сетуге байланысты қойылған шектеулерді бұзған, Путиннің өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар дайындаған арналардың иелері – В.Гусин­ский мен Б.Березовский бірінен кейін бірі ше­телге қашуға мәжбүр етілді. Қалың қал­талылардың саясатқа сұғынуы қандайлық қатер еке­нін анық білетін Путин келесі соққысын ЮКОС-тың иесі М.Ходорковскийге бағыттады. Ре­сей сарапшыларының жазуына қарағанда, Ходор­ковский 2003-2004 жылдардағы сайлау науқаны ке­зінде Думаға өтетін партияларды меймілдете қаржыландыра бастаған, ондағы ойы өзі өткізген депутаттар арқылы премьер орынтағына ие болу, онан әрі елдегі басты билікті қолға алу көрінеді. Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материал­дық ресурстардан айырудың құқықтық тетіктерін дәл таба білді. Атам заманғы грек ойшылы Менандрдың “Адал адам ешқашан бай бола алмайды” дегені дұрыс емес, бірақ адал адамның аса бай болуы қай заманда да қиын ба деп те қаласың кейде. Мүмкін екендігін теріске шығар­маймыз, әрине. Ондаған миллиард дол­ларлық жеке байлығын жинаған Гусинскийдің де, Березовскийдің де, Ходорковскийдің де табиғи мо­нополияларындағы қисапсыз қаржының қайнар көзі жекешелендіру желігіндегі жөнсіздік екенін дәлел­деу тіпті де қиын емес еді. Ходорковскийді қамауға алу, артынша ЮКОС-ты қайта жеке­шелендіру Кремльдің ақшалы алпауыттармен ай­қасындағы айтулы жеңісіне айналды. Мұ­ның ұлттық қадір-қа­сиетке қандайлық қа­ты­сы бары көзі қарақты оқырманға жақсы мәлім. Әрине, Путин оларды ев­рей ұлтының өкілдері ретінде қудалаған жоқ, заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалады. Соны­мен бірге арғы баба­ла­ры­ның арасында шо­ви­нис­тік айтаққа еріп, “Жөйіт­ті ұр, Ресейді құт­қар!” деп ұрандағандар да табылатын ұлттың кейбір бөлігінде Путиннің бұл қадамына осы қырынан қарап айызы қанғандар да аз болмағанын, айна­лып келгенде мұның өзі қоғамдық пікірде орыс­тың омырауын көтерте түскенін атымен ескер­меу­дің тағы жөні жоқ.

[өңдеу] Эко­номикадағы табыстар

Оның тұсында елдегі экономикалық және саяси құлдырау тоқта­тыл­ды, көп­субъектілі экономикаға негіз қаланды, 90-жыл­дардағы же­к­ешелендіру кезінде жол беріл­ген қате­ліктерді түзету қолға алын­ды, Ресейдің сыртқы қары­з­ын күрт кемітудің сәті түсті, экономиканың инновациялық сипатына бет бұру басталды, халықтың әл-ауқаты ана­ғұрлым жақсарды. Өткен сегіз жылдың ішінде Ресейде адамдардың нақты табысы 2,5 есе артты. Жұмыссыздық пен кедей­шілік мөлшері 2 еседен артық кеміді. Эконо­ми­каға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі 7 есе өсті. Ресейдің шет елдермен сауда айналымы 5 еседен астам артты.

Путиннің осы сегіз жылда тындырған тағы бір ірі ісі – Ресейдің әлемдік аренаға қуатты мемлекет ретінде қайта оралғандығы. 4 желтоқсанда жариялаған “Путин партиясы” атты мақаламызда: “Ре­­сей идеясы мың жыл бойы тәуелсіз сыртқы сая­сат жүргізіп келген бұл елдің халықаралық аре­надағы абыройын бірте-бірте қалпына келтіре бас­тады. Тап қазір ана бір жылғы Косоводағыдай сын сағат туа қалса, Ресейдің бұғынып қал­май­тыны бар­шаға белгілі”, деп жазған екенбіз. Аузымызға Ко­совоның қалай түскенін қайдам. Сол бітеу жараның бір жарылмай қоймайтынын түйсікпен болса да шамалаған шығармыз. Қазір сондай сын сағат шынында да туып отыр. Сондай сын сағатта Ресей бұғынып қалған жоқ. Президенттіктен үміткер Дмитрий Медведев сайлау сайысымен жанталасып жүріп, Сербияға барып қайтуға, Мәскеудің Косово егемендігін мойындамай­тын­дығын ашық айтуға уақыт тапты. Ал кезінде еңі­ре­ген ер дейтін Ельциннің өзі Сербияны НАТО ұшақ­тарының бомбылауына келіскен еді. Бал­кандағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қи­ын, алайда, бір ұлттың мемлекеті әлемде біреуден артық болуы түптің түбінде жақсылыққа апар­майтынын біз дәйім есте ұстауға тиіспіз…

[өңдеу] Сыртқы сілтемелер

Wikimedia Ортаққорында бұған қатысты таспалар бар:

system wymiany linków wymiana linkami wymiana linkami SEO Tools system wymiany linków tanie kredyty gotówkowe kreatyna Plaza 3 star hotel Los Angeles krynica noclegi Sejm Tyk