Құралдар |
Мұсабаев, Талғат Аманкелдіұлы
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер. 1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде. 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген. 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған. 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған. 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған. 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде. 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры. 2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. [өңдеу] Ғарышқа ұшуы1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. [өңдеу] Марапаттары
Союз ТМ-32 экипажы - Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин
[өңдеу] Жанұя жағдайыЗайыбы — Мұсабаева (Лацис), Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрәігері. Баласы — Мұсабаев, Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері. Қызы — Мұсабаева, Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған. [өңдеу] Сыртқы сілтемелер
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||